Еуропа лигасындағы "Астанамен" матчте "МЮ" академиясының рекордшысы ойнайды

Футболшы өткен маусымда 30 гол салған.

Англиялық баспасөздің хабарлауынша, "Манчестер Юнайтед" клубының бас бакпері Уле-Гуннар Сульшер Еуропа лигасындағы "Астанамен" матчта жастар командасының ойыншысы Мэйсон Гринвудты ойнадаты. 

Форвард "МЮ" академиясындағы болашағынан үміт зор тәлімгерлердің бірі. Сондықтан Сульшер оған ресми матчта өзін көрсетуге мүмкіндік бермек. Өткен маусымда Гринвуд академия командасы үшін 29 матчте 30 гол салған. 

"Юнайтедтің" негізгі құрамында англиялық футболшы алғаш рет 2019 жылдың 6 наурызында Чемпиондар лигасындағы "Пари Сен-Жермен" командасымен матчте ойнады.  Гринвуд ол кезде Эшли Янгты алмастырып, "Манчестер Юнайтедтің" Чемпиондар лигасында ойнаған ең жас футболшысы атанды (Жасы 17-де еді).

Еске салайық, "Астана" - "МЮ" арасындағы алғашқы матч 19 қыркүйек түнде "Олд Траффорд" стадионында өтеді. Басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 01:00. Қарымта ойын "Астана-Аренада" өтеді. Сонымен бірге, L тобында сербиялық "Партизан" мен голландиялық "АЗ Алкмар" арасында матч болады. 


  0