"Ливерпульдің" бас бапкері әлемдегі ең мықты команданы атады

Юрген Клопп өз командасының неге жеңіске жеткенін айтты.

"Ливерпульдің" бас бапкері Юрген Клопп "Манчестер Сити" әлемдегі ең мықты команда деп есептейді. 

"Ливерпуль" 2018/19 маусымында "Тоттенхэм" командасын ұтып, Чемпиондар лигасында жеңске жетті. "Манчестер Сити" өткен маусымда Англия чемпионатында жеңді, ел Кубогы мен Англия лигасының кубогын иеленді, ал биылғы маусым басында Англия суперкубогы үшін матчте "Ливерпуль" клубынан басым болды.

"Ливерпуль" Еуропадағы үздік команда бола алмайды, өйткені Жердегі ең мықты команда - "Манчестер Сити", ал менің естуімше біз бір ғаламшардамыз. Өткен маусымда жақсы едік, бірақ, біз Еуропаның ең мықтысы болғанымызға күмәнданамын. Біз кейбір қажетті сәттерде жақсы болдық, сондықтан Чемпиондар лигасын ұттық", - деп келтіреді бапкердің сөзін Би-би-си.


  0