"Астана" Еуропа лигасы матчіне қатысу үшін Манчестерге барды

Ойын 19 қыркүйекте.

"Астана" клубының футболшылары мен бапкерлер штабы Манчестерге жетті, мұнда астаналық команда Еуропа лигасы топтық кезеңінің бірінші туры аясында жергілікті "Манчестер Юнайтедпен" ойнайды.

Кездесу "Олд-Траффорд" стадионында 19 қыркүйекте өтеді. Матчты QazSport арансы трансляциялайды, басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 01:00.

Манчестерге "Астана" келесідей құраммен аттанған:
қақпашылар: Ненад Эрич, Александр Мокин, Станислав Павлов;
қорғаушылар: Антонио Рукавина, Абзал Бейсебеков, Лука Шимунович, Евгений Постников, Жарко Томашевич, Дмитрий Шомко;
жартылай қорғаушылар: Юрий Логвиненко, Рунар Мар Сигурьонссон, Иван Маевский, Юрий Перцух, Серікжан Мужиков, Марин Томасов, Дорин Ротариу, Дидар Жалмұқан;
шабуылшылар: Сергей Хижниченко, Рангело Янга, Роман Муртазаев және Фирмин Мубеле.

Айта кетейік, "Астана" мен "Манчестер Юнайтедтен" бөлек L тобында голландиялық АЗ және сербиялық "Партизан" бар.


  0