Мбаппе "Реалға" қарсы ойнамайды

Осыған дейін Эдинсон Кавани негізгі топқа қосылып жаттығуын бастаған

Париждің ПСЖ клубы Чемпиондар лигасының бірінші турында Мадридтің "Реалымен" ойнайды. Бұл ойынға команда үздіктерінің бірі Килиан Мбаппе қатыса алмайды, - деп жазады Le Parisien.

20 жастағы ойыншы "Тулузаға" қарсы ойында алған жарақат алған. Қазір сауығу үстінде. 18 қыркүйекке дейін құлан-таза айығып кете алмайды екен.

Осыған дейін Эдинсон Кавани негізгі топқа қосылып жаттығуын бастаған еді. Ол мадридтік командаға қарсы ойынға шығуы мүмкін.


  0