"Жанкүйерлер шокта". Шотланидялық футболшы Еуро іріктеуінде Қазақстанның басымдығын мойындады

Ол өз елінің командасы нашар ойнағанын мойындады.

Шотландиялық футбол ардагері және комментатор Давид Прован Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Еуро-2020 іріктеуіндегі ойыны туралы пікір білдрді. Сонымен қатар, ол үінші орынға кімнің мүмкіндігі жоғары екенін атады. 

"Шотландия құрамасы бұл циклде өте нашар. Іріктеу басында Ресеймен екінші орын үшін таласуға болатындай еді, ал қазір үшінші орынға ілігетінімізге күмәнданамын. Шотландияды тек екі жеңіс және Бельгия мен Қазақстаннан ойсырай ұтылды. Жанкүйерлер шок алып қалды, шотландиялықтар тек Сан-Мариноның алдында. Бұл ұят.

Алда Кипр және Ресеймен қарсылас алаңындағы ауыр ойындар, ал Қазақстанмен соңғы матч ештеңе шешпеуі мүмкін. Шотландияда үшінші орын үшін таласта артықшылық жоқ. Қазір психологиялық және стратегиялық басымдық қарсыластарда. 

Маған Кипр және Қазақстан құрамалары ұнайды. Бұл маусымда олар жинақы ойнауда және Шотландиядан алда екені әділ", - дейді Прован. 


  0