Еуро-2020 іріктеуіндегі Кипр - Қазақстан матчіне тікелей трансляция

Басталуы 22:00.

Бүгін, 6 қыркүйекте футболдан Қазақстанның ұлттық құрамасы Еуропа-2020 чемпионаты іріктеу раундының матчін өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Михал Белек жаттықтыратын команда Кипр құрамасымен ойнайды. Никосияда өтетін матч Қазақстан астанасының уақытымен 22:00 басталады. 

QazSport арнасы ойынды тікелей эфирде трансляциялайды, матчты арнаның сайтында тамашалауға болады.

Сонымен қатар, ойынның жазбасы сағат 04:25-те "Матч-ТВ" арнасында көрсетіледі.

Айта кетейік, бұл кездесуге дейін Қазақстан құрамасы төрт ойында алты ұпай жинап отыр, ал осынша ойында Кипр үш балл ғана алды.


  0