"Астананың" бұрынғы шабуылшысының голы Ресей премьер-лигасында үздік деп мойындалды

Бұл тұжырым тамыз айына жасалған.

Қазір "Оренбург" сапында ойнайтын "Астананың" бұрынғы шабуылшысы Джордже Деспотович жанкүйерлер, РПЛ сарапшылары және "Матч Премьер" арнасының тұжырымы бойынша тамызда ең әдемі гол соқты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Деспотович төртінші турдың "Ахмат" - "Оренбург" матчінде допты өзінен асырып тепті. Сербиялықтың өзі де мұны карьерасындағы ең әдемі гол болғанын мойындады. Сонымен бірге, ол ФИФА тұжырымынша үздік голға ұсынылатын Пушкуш сыйына үмітті екенін де айтты. 



Еске салайық, "Оренбург" сапына Деспотович өткен жазда "Астанадан" ауысқан. Сондай-ақ, ҚПЛ-де форвард "Тобыл", "Қайрат" пен "Жетісу" үшін де ойнады. Сербиялық футболшы үш рет Қазақстан чемпионы атанған.

Қазіргі таңда Деспотович РПЛ-дегі үздік бомбардирлердің бірі, ол сегіз матчте төрт гол салды.


  0