Қазақстанда CS:GO және Dota 2 ойындарынан Burabay Cyber Cup жарысы өтеді

Жарыстың жүлде қоры - екі миллион теңге.

6 сәуірде Шущинск-Бурабай курортты аймағаында орналасқан қысқы спорт түрлерінен олимпиадаға дайындық орталығында Қазақстанда танымал Counter-Strike: Global Offensive және Dota 2 ойындарынан Burabay Cyber Cup LAN-финалы өткізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Федерация басшысы Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, Ақмола облысы киберспорттық турнирдің финалын өткізуге қызыққан алғашқы өңірлердің бірі екені айтылған. 

Осылайша, 23-24 наурызда ашық офлайн-іріктеу барысында жеңімпаздар анықталады, олар 25 наурызда жабық іріктеу кезеңінде мықтылармен айқасатын болады. Үздік екі команда әр ойын бойынша LAN-финалда өнер көрсететін болады. Жарыстың жүлде қоры - екі миллион теңге. 

Жарысқа қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркелу қажет. 

2018 жылы 25 маусымда киберспорт Қазақстанда ресми спорт түрі болып жарияланды.



  0