АПЛ-дағы ең көп жалақы алатын ойыншы ешкімге керек болмай қалды

Осы маусымда Санчес ағылшын премьер лигасында тоғыз ойынға қатысып, не бәрі бір ғана гол салды.

"Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Алексис Санчес маусым соңына дейін клубта қала беретін секілді.

The Telegraph мәліметінше, чилилік футболшының ағылшын клубынан кетуіне екі нәрсе кедергі: оның қомақты еңбекақысы және "қызылдардың" қысқы трансферлік терезе кезінде маңызды футболшыдан айырылғысы келмейтіндігі. 

Сонымен қатар, қазіргі уақытта оны сатып алуға дайын клуб табылмай отыр. Санчес болса "Манчестер Юнайтедтен" кеткісі келетінін жасырмайды, себебі ол өзін командада жайлы сезінбейді екен. 

Осыған дейін, 29 жастағы сұрмерген "Пари Сен-Жермен" клубынан ұсыныс күткені туралы хабарланған еді. Осы клуб оның қаржылай талабын қанағаттандыра алады. Париждік команда да қызығып отырғаны айтылған еді. 

Осы маусымда Санчес ағылшын премьер лигасында тоғыз ойынға қатысып, не бәрі бір ғана гол салды. Сондай-ақ екі рет нәтижелі пас шығарды. 

"МЮ" мен Санчестің келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін жасалған. Клуб сапында ол аптасына 500 мың фунт стерлинг алады, осылайша ол АПЛ-дағы ең көп жалақы алатын футболшы болып тіркелген. 


  0