"Ливерпуль" ойыншысы бәс тікті деп басы дауға қалды

Футболшы мерсисайдтық клуб сапында 2013 жылдан бері ойнап келеді.

Англия футбол ассоциациясы (FA) "Ливерпуль" футбол клубының шабуылшысы Дэниэль Старриджді бәс тікті деп айыптады. Бұл туралы ұйымның ресми сайты хабарлады.

Футболшы 2018 жылдың қаңтар айында екі ойынға бәс тіккен деп айыпталуда. Ол кезде Дэниэль "Вест Бромбич" клубында уақытша ойнап жүрген. Сондай-ақ футболшы ойындарға қатысты ақпарат бергені үшін де күдікке ілінген.

Дэниэль Старридж ұйым ережесін бұзғаны үшін 20 қарашаға дейін өз жауабын беруі керек. Ал қандай жаза күтіп тұрғаны әзірге белгісіз.

"Ливерпуль" командасы шабуылшыны қолдап: "Дэниэль кез келген сұраққа жауап беруге дайын. Ол клубқа ешқашан бәс тікпегенін айтты. Біз қандай да бір пікір білдірмей тұрып, іске қатысты соңғы шешімді күтеміз," - деді.

Футболшы мерсисайдтық клуб сапында 2013 жылдан бері ойнап келеді. Осы маусымда команда сапында 12 ойын өткізіп, 4 гол соқты. Англия ұлттық құрамасы сапында 26 ойында алаңға шығып, 8 гол соққан.


  0