"Манчестер Юнайтед" Моуриньюмен келісімшартты үзсе қанша қаржыға шығындалады?

"Қызыл сойқандар" жаңа маусымды да сәтті бастай қойған жоқ.

"Манчестер Юнайтед" футбол клубы бас жаттықтырушы Жозе Моуриньюмен арадағы келісімшартты үзетін болса, қомақты қаржыға шығындалуы мүмкін, - деп жазады AS басылымы.

БАҚ ақпараты бойынша манкуниандық клуб келісімшартты бұзып, орындамаған жағдайда португалдық маманға 26 миллион еуро көлемінде қаржы төлейтін болады.

"Қызыл сойқандар" жаңа маусымды да сәтті бастай қойған жоқ. VI турдан кейін 10 ұпаймен 7-орында келеді. Сондай-ақ Жозе мен Поль Погба арасындағы кикілжің де ушығып барады.

Кей батыстық басылымдар МЮ тәуекелге барып, келісімшартты үзетіні жайлы жазуда. Жозенің орнына Зиннедин Зидан немесе маусым соңынан Маурисио Почеттини (қазіргі "Тоттенхэм" бапкері) келуі мүмкін деп болжауда.


  0