Моуриньо әлем чемпионымен сөзге келіп қалған сәті видеоға түсіп қалды

25 қыркүйекте, бапкер ойыншының капитандық атағын тартып алған еді.

Sky Sports телеарнасы Twitter желісіндегі парақшасында "Манчестер Юнайтед" клубының жаттығуы кезінде команданың бас бапкері Жозе Моуриньоның жартылайқорғаушы Поль Погбамен сөзге келіп қалған сәтін жариялады. 

Француз фцтболшысы алаңға шыққан кезде, серіктестерімен амандасып, бапкерін қол созады. Моуриньо болса оның сәлемін қабылдамай, бірдемеге наразылығын білдіреді. Осыған таңғалып қалған Погба бапкерімен сөзге келіп қалады. Осыдан кейін жартылай қорғаушы жаттығуға кіріседі. 

25 қыркүйекте, бапкер ойыншының капитандық атағын тартып алған еді. Оған себепп, бапкердің ойынша француз футболшысы өзін клубтан жоғары санайды екен. Сонымен қатар, тамызда бапкер мен ойыншы арасында жанжал шыққан еді. Моуриньоның ойынша Погба клубта жүріп өнер көрсеткеніне қарағанда әлем біріншілігнде Франция құрамасы үшін айтарлықтай жақсы ойнаған. 




  0