Ағылшын клубы фанаттарға футболдың орнына эротика көрсетті

Ойын 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

Лига кубогы аясында "Бристоль Риверс" клубының стадионында орналасқан кафеде "Кроли Таунға" қарсы ойында ересектерге арналған каналдың трансляциясы көрсетілді, - деп хабарлайды BBC.

Жанкүйерлер "Мемориял Стадиум" аренасында орналасқан кафеде отырған. Бірінші тайм аяқталған сәтте, теледидарда тек ішкиімі ғана бар қыз шығып, телефон арқылы не хат алмасу арқылы көрерменген ерекше ұсыныс жасаған. Babestation телеарнасының бағдарламасын дер кезінде тоқтату мүмкін болды, алайда ойын аяқталған соң, экранға жаңағы қайтадан шыққан. Бұл кезде сайықтыру орталығында кәмелет жасына толмаған балалар болған. 

Соған қарағанда, бәз біреулер әмбебап басқару пультін қолданып Babestation каналына ауыстырып отырған. "Бристоль Роверс" әкімшілігі осы жағдайға байланысты тексеруді бастады.

Ойын 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. 



  0