"Ливерпуль" әкімшілігі полицияға Салахтың жол ережесін бұзған сәтінде түсірілген видеоны тапсырды

Клуб та, футболшы да осыған қатысты қандай да бір пікір білдіруден бас тартқан.

Ұлыбритания полициясы "Ливерпуль" сұрмергені Мохамед Салахтың көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланған сәтінде түсірілген видеоны клуб әкімшіліген алғанын мәлімдеді.

"Ливерпуль" баспасөз қызметінің өкілдері осы мәселенің футболшымен талқыланған және кейінірек полицияға хабарланғаны туралы мәліметті растады. Қалған мәселелер клуб ішінде шешіледі екен. Клуб та, футболшы да осыған қатысты қандай да бір пікір білдіруден бас тартқан. 

"Бізге футболшының жол қозғалысы кезінде телефон қолданған сәтінде түсірілген видео жіберілді. Видеоны департаменттегілер тексеріп жатыр. Мәлімет үшін рақмет", - деді полиция өкілдері Twitter желісіндегі парақшада. 




  0