"Ливерпуль" жанкүйерлері Чемпиондар лигасында өрескел қателік жіберген қақпашыны қол шапалақтап қарсы алды

Юрген Клопп "Ливерпуль" жанкүйерлерінің әрекетіне оң баға берді.

"Ливерпуль" клубының жанкүйерлері команда қақпашысы Лорис Кариусты италиялық "Ториномен" өткен жолдастық кездесуде жылы қабылдап, қол шапалақпен қарсы алды, - деп хабарлайды This Is Anfield. 

Ойынның 72-ші минутында неміс ойыншысы бразилиялық қақпашы Алиссонды алмастырды. "Энфилд" стадионына жиналған футбол жанкүйерлері қол шапалақтап, ысқырық шалып қақпшыға жылы лебіздерін білдірді. "Ливерпуль" осы кезде 2:1 есебімен жеңіп жатқан еді. Кариус қарсыластардың кез келген соққысын нәтижелі етуіне тойтарыс берді. Ойын 3:1 есебімен "Ливерпуль" пайдасына шешілді. 

Юрген Клопп "Ливерпуль" жанкүйерлерінің әрекетіне оң баға берді. 

"Шынымды айтсам, мен таңғалған жоқпын. Адам ретінде мен осыған сендім. "Ливерпуль" жанкүйерлері өздерін жақсы қырынан көрсете алды. Бұл Лориске жақсы септігін тигізеді. Сондай-ақ Алисонға да "Энфилдтің" ерекше жер екенін сездіреді", - дейді маман. 



 

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының финалында "Ливерпуль" қақпашысы мадридтік "Реалмен" өткен ойында екі өрескел қателік жіберіп, командасының 3:1 есебімен ұтылуына себепші болды. Алайда кейінірек, оның екінші таймды толығымен бас сүйек миы зақымдалған күйінде ойынды жалғастыра бергені анықталды. Мадридтік клубтың капитаны Серхио Рамос шынтағымен Кариустың көзінен ұрған.


  0