"Челси" ӘЧ-2018 ең үздік қақпашысын сақтап қала алмады

Бельгия құрамасының сапында ол қола жүлдегер және әлем біріншілігінің ең үздік қақпашысы атанды.

Лондондық "Челси" мадридтік "Атлетико" қақпашысы Ян Облакты сатып алуды жоспарлап отыр. Олардың қақпашысы Тибо Куртуа жақын арада "Реалға" ауысуы мүмкін, - деп хабарлайды Mundo Deportivo.

Бас ылым мәліметінше, словениялық қақпашы үшін "Челси" 100 миллион еуро беруге даяр екендерін жеткізді. Келіссөздер жүзеге асқа жағдайда Облак әлемидегі ең қымбат қақпашы атанады. Бұған дейін бұл статусты бразилиялық Алиссонға тиесілі еді, ол "Ромадан" Ливерпульға 75 миллион еуроға ауысқан еді. 

Облак "Атлетикомен" 2021 жылдың 30 маусымына дейін келісімшартқа отырған. Словениялық ойыншы 2014 жылдан бері осы клубтың намысын қорғап келеді. Бұл командаға ол кезінде "Бенфикадан" 16 миллион еуроға ауысып келген еді. Өткен маусымда ол 37 ойынға қатысып, 22 гол жіберді. Испания чемпионатында ол 116 ойынға қатысып, 67 гол жіберді.

Трансферлік терезе 31 тамызда аяқталады. Куртуаның келісімшарты 2019 жылға дейін. Бельгия құрамасының сапында ол қола жүлдегер және әлем біріншілігінің ең үздік қақпашысы атанды.


  0