"Реалдың" бұрынғы футболшысы "Ливерпуль" сапына ауысты

Фабиньоның ауысуы Чемпиондар лигасынның финалында "Ливерпульдің" "Реалдан" (1:3) жеңілгеннен кейінгі бірінші трансфер.

"Монако" сапында өнер көрсеткен бразилиялық жартылай қорғаушы Фабиньо, "Ливерпульге" ауысты, - делінген ағылшын футбол клубының ресми сайтында.

Sky Sports мәліметігше, 24 жастағы футболшының трансферіне 50 миллион еуро жұмсалған. 

Бразилиялық футболшы мерсисайдтық клуб үшін 1 шілдеден бастап, тексеруден өтіп, көпжылдық келісімшартқа қол қойғаннан кейін ғана өнер көрсетеді. Фабиньо "Ливерпул" футболкасымен суретке түсіп үлгерген. 

"Бұл менің басты арманым - гранд ойыншысы болу. Клубтың инфрақұрылымы керемет. Осы деңгейдегі футбол клубы маған қызығушылық танытқанннан кейін, мен ұзақ ойланбай келісім бердім. Мен осы командадағы өз тарихымды жазуға тырысамын. Осындай клубпен титулдарды ұтуға мүмкіндік алатыныма қуаныштымын. Жаңаны үйреніп, өзімді жақсартамын. Клуб тарихының бір бөлігі болғым келеді", - деді ол. 

Фабиньо 2013 жылдан бері "Монако" сапында өнер көрсетіп келеді. 2017/18 маусымында ол Франция чемпионатында 45-ші ойынын өткізіп, сегіз гол салды. Франциялық клубқа ауыспастан бұрын, бразилиялық мадридтік "Реал" (2012-2013) жүйесінде болды. 

Айта кетейік, Фабиньоның ауысуы Чемпиондар лигасынның финалында "Ливерпульдің" "Реалдан" (1:3) жеңілгеннен кейінгі бірінші трансфер. 






  0