Дәрігерлер Давид Сильваның ұлын құтқарып қалды

Осыған дейін "Манчестер Сити" футболшысы баласының жағдайына байланысты бірнеше рет ойындарға қатыспаған еді.

"Манчестер Сити" жартылай қорғаушысы Давид Сильва Twitter желісіндегі парақшасында 2017 жылдың соңында мерзімінен бұрын туған баласының өмірі үшін күрескен дәрігерлердің еңбегін айтып, ұлының ауруханадан шыққанын хабарлады. 

"Үйімізге қайттық-ау әйтеуір! Мен және жарым дәрігерлер командасына алғыс білдіреміз, олардың кәсибілігімен адмагершілігін ерекше айтып өткім келеді. Соңғы бес айда олар тапжылмай менің ұлымның өмірі үшін күресті. Рақмет!", - деп жазды Сильва. 

Осыған дейін "Манчестер Сити" футболшысы баласының жағдайына байланысты бірнеше рет ойындарға қатыспаған еді.








  0