37 жастағы футболшы жол апатынан қаза тапты

37 жастағы спортшы оқиға орнында қаза тапты.

Ағылшын премьер-лигасының бұрынғы ойыншысы, "Астон Вилла", "Болтон" және "Кардифф Сити" клубтары үшін өнер көрсеткен Джей Ллойд Сэмюэл Ұлыбританияның "Чешир" графтығында жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Eurosport.

Жол-көлік оқиғасы таңғы уақытта болған. Тринидада және Тобаго тумасыбалаларын мектепке апарып, үйіне қайтып келе жатқан. Оның Range Rover маркалы жол талғамайтын көлігі жүк көлігімен соқтығысқан.37 жастағы спортшы оқиға орнында қаза тапты. 

15 мамырда "Астон Вилла" футболшылары алаңға қолдарына қара шүберек байлап шықты. Футболшының артында үш баласы мен жары қалды. 










  0