"Манчестер Ситидің" чемпиондық шеруіне жүз мың адам қатысты

Клуб бір маусымда ұпай саны (100) бойынша, жеңіс (32) бойынша және салған голдары (106) бойынша рекорд орнатты.

Манчестер көшелері шамамен жүз мыңнан аса адам чемпиондық шеруге шыққан "Манчестер Сити" футболшыларын қарсы алды. Шара осы дүйсенбіде өтті, - деп хабарлайды Би-би-си.

"Манчестер Сити" биылғы мауысымда мерзімінен бұрын Ұлыбритания жеңімпазы атанды. Сондай-ақ, клуб бір маусымда ұпай саны (100) бойынша, жеңіс (32) бойынша және салған голдары (106) бойынша рекорд орнатты. 

"Ендігіде осы маусымда істегеніміз үшін жемісін көріп рақаттану керек. Келесі маусым туралы айту әлі ерте. Биыл жазда диванда отырып әлем біріншілігін тамашалайтын боламыз. Барлығымыз біріге қол жеткізген жеңісімізге қуаныштымыз", - дейді Манчестер Сити" клубының бас бапкері Хосеп Гвардиола. 



  0