"Манчестер Сити" Жоржиньо мен Марезаға 110 миллион фунт төлеуге дайын

Манчестер Сити" неаполитандық футболшыны алуға басты үміткер және 53 миллион фунт (60 миллион еуро) төлеуге дайын

"Манчестер Сити" құрамын нығайту мақсатында маусымаралық трансфер кезінде қомақты қаражат жұмсауға дайын, - деп хабарлайды "Чемпионат". 

Daily Mail мәліметінше, "қалалықтар" жазғы трансферлік кезеңде "Наполи" жартылай қорғаушысы Жоржиньо мен "Лестер Сити" хавбегі Рияд Марезді сатып алуы мүмкін. 

"Манчестер Сити" неаполитандық футболшыны алуға басты үміткер және 53 миллион фунт (60 миллион еуро) төлеуге дайын. Өз кезегінде манкуниандық команда Марез үшін 60 миллион фунт (€ 68 миллион еуро) төлейді. Сондай-ақ "Селтик" сапында жалға өнер көрсетіп жүрген "Манчестер Ситидің" жартылай қорғаушысы Патрик Робертс маусым аяқталғанда басқа клубқа ауысыуы мүмкін. 


  0