Салах бір чемпионатта салған гол саны бойынша рекорд орнатып, АПЛ-дың ең үздік сұрмергені атанды

"Брайтонмен" өткен ойыннан кейін Салахқа "Алтын бутцы" табысталды.

"Ливерпуль" шабуылшысы Мохамед Салах 2017/18 маусымында Ағылшын премьер лигасында үздік сұрмерген атанды. 

36 ойында Салах 32 гол салды. Мысырлық "Тоттенхэм" ойыншысы Харри Кейнді екі голға озып кетті. Үшінші орында 21 гол салған "Манчестер Сити" шабуылшысы Серхио Агуэро.

"Брайтонмен" өткен ойыннан кейін Салахқа "Алтын бутцы" табысталды. Осы ойында "Ливерпуль" 4:1 есебімен қарсыластарын тізе бүктірген еді. 

Салахтың 32 голы АПЛ үшін рекордты көрсеткіш болды. Бұрындары 31 голды Алан Ширер, Криштиану Роналду және Луис Суарес салған. 




  0