Мохамед Салах – Англияның жыл ойыншысы атанды

Мохамед Салах команда сапында 33 матч өткізіп, 31 мәрте көзге түссті.

"Ливерпуль" командасының жартылай қорғаушысы Мохамед Салах Ағылшын премьер-лигасының жыл ойыншысы атанды.

2017 жылы "Ливерпуль" футбол клубының құрамына қосылған Мохамед Салах команда сапында 33 матч өткізіп, 31 мәрте көзге түссе, 9 рет командаластарының гол соғуына ықпал еткен. 25 жастағы египеттік футболшы Мохамед бұл атаққа Кевин Де Брюйне, Давид де Хеа, Харри Кейн сынды спортшылармен таласқан болатын.

Айта кетейік, "Ливерпуль" командасы 24 сәуір күні Чемпиондар лигасының жартылай финалында "Рома" футбол клубына қарсы ойнайды.


  0