"Астана" капитаны Бельгияда беделді жарыста жеңіске жетті

Ол жеңіске жеткен үшінші қазақстандық.

"Астана" капитаны Якуб Фульсанг Бельгияда Льеж - Бастонь - Льеж беделді жарысында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

256 шақырым қашықтықты даниялық алты сағат, 37 минут, 37 секундта өтті. Фульсангтан кейін мәреге Bora Hansgrohe жетті: италиялық Давиде Формоло 27 секунд, ал германиялық Максимилиан Шахман - 57 секунд кейін келді.

Жалпы бұл жарыста "Астана" үшін 12 адам қатысты, ал Фульсангтан кейін жақсы нәтиже көрсеткен Горке Иссагире - 33-ші келді.

Льеж - Бастонь - Льеж велоспорттағы бір күндік жарыстар арасында өте беделді саналады. Жарыс тарихы 1892 жылы басталып, биыл 105-ші рет өтіп отыр. 

Бұл жарыста үш рет қазақстандық спортшылар жеңіске жеткен: Александр Винокуров 2005 жылы T-Mobile Team сапында, 2010 жылы "Астана", ал 2012 жылы Максим Иглинский ол кезде "Астана" құрамында.


  0