UFC-де тұңғыш рет қазақстандық файтер өнер көрсетеді



Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов UFC-мен келісімшартқа отырды. Бұл туралы оның менеджері Саят Әбдірахманов айтты. 

"Шавкат Рахмонов UFC-мен келісімшартқа отырды және ол тарихқа ең үздік ММА-ұйыммен келісімшартқа отырған алғашқы қазақстандық ретінде енеді. Дебют қарашаға жоспарланған. Шавкат UFC-дегі алғашқы өкіліміз, бірақ ол соңғысы болмайтынына сенімдімін", - деп жазды Әбдірахманов.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sayat Abdrakhmanov (@sayatus)

24 жастағы Рахмонов ММА-де 12 жекпе-жек өткізіп, бәрін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ол кәсіби дебютін 2014 жылы қарашада бастаған. Биыл наурызда жартылай орта салмақта M-1 Global чемпионы белбеуін иеленген еді, ал маусымда оны қорғап қалған болатын. 

UFC-де қазақстандық файтер қыз да болуы мүмкін еді. Бірақ Мария Агапова Лас-Вегастағы Dana White's Tuesday Night Contender Series турнирінде америкалық Трэйси Кортеспен UFC келісімшартын сарапқа салып, төрешілер шешімімен жеңіліп қалған.



  0