Жаңа рекорд. Америкалық файтерге қарсыласын жеңу үшін 5 секунд жеткілікті болды

Хорxе Масвидаль қарсыласы Бен Аскренді 5 секундта нокаутқа түсірді.

UFC тариxындағы ең жылдам нокаут тіркелді. Бұл туралы қазақстандық журналист әрі PR-менеджер Уалихан Қосанбай Facebook желісіндегі парақшасында жазды. 

"Қазір ғана Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile спорт кешенінде UFC тариxындағы ең жылдан нокаут тіркелді. Жартылай орта салмақта өнер көрсететін америкалық Хорxе Масвидаль қарсыласы Бен Аскренді 5 секундта нокаутқа түсірді", - деп жазды Уалихан Қосанбай. 

Америкалық Бен Аскрен спорттық мансабында алғаш рет жеңілді, ол осыған дейін 19 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жеткен еді. 

Осыған дейінгі рекорд МакГрегорға тиесілі еді. Ирландиялық спортшы Жозе Алдоны 13 секундта жеңген еді. 



  0