Қанды айқас. Төрешілер мен дәрігерлер шоудың басты жекпе-жегін тоқтатуға мәжбүр болды

Бұл кездесу өтпеді деп есептелді.

Шотландиялық Росс Хьюстон және даниялық Николас Далби арасындағы Cage Warriors 106 турнирінің басты жекпе-жегі октагонда қанны тым көп төгілуіне байланысты тоқтатылды.

Файтерлер өздерінен аққан қанға тайып жығыла бастаған екен. Осыған байланысты төрешілер мен медицина қызметкерлері жекпе-жекті үшінші раундта тоқтатып, оны өтпеген деп есептеуді жөн көрді. 

Жекпе-жектен кейін Хьюстон мен Далби қоршау үстіне мініп, жанкүерлерге сәлемдесті. ММА-де шотландиялық сегіз жекпе-жегінің барлығында жеңген, ал Далби 17 жеңіске жетіп, төрт рет жеңілген.




  0