"Кореялық зомби" 58 секунд жұдырықтасқаны үшін UFC-ден 100 мың доллар алды

Оның қарсыласы үш есе аз алды.

АҚШ-тың Гринвилль қаласында өткен UFC Fight Night 154 турниріне қатысушылардың алған сыйақылар мөлшері белгілі болды.

Кешті басты жекпе-жегінде жеңіске жеткен "Кореялық зомби" лақап атты Оңтүстік Корея спортшысы Чон Чхан Сон бұл шоудан бонустарымен бірге 101 мың доллар алған, - деп хабарлайды Sports Daily. Оның қарсыласы - бразилиялық Ренато Мойкано турнир үшін 34 мың доллар алған.

Еске салайық, жартылай жеңіл салмақтағы бұл жекпе-жек алғашқы раундта аяқталды. "Кореялық зомби" қарсыласын 58 секундта нокаутқа түсірген.

Чон Чхан Сон сияқты UFC-ден "кеш жекпе-жегі" үшін бонус алған Жаорзиньо Розенстрайк жалпылай 77,5 мың доллар пайда тапты.


  0