"Қанды шешімдер түні". Қуат Хамитов қарымтаның ерекше боларына уәде берді

Ол Fight Nights Global атауын өзгертуді ұсынды.

Әзірбайжандық Нариман Аббасовпен қарымта күтіп отырған қазақстандық ММА файтері Қуат "Найман" Хамитов Fight Nights Global президенті Камил Гаджиевке бұл үшін "Қанды түн" атты турнир ұйымдастыруды ұсынды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, ресейлік Fight Nights Global промоушенінің жеңіл салмақта бос тұрған чемпиондық белбеу үшін 27 сәуір Мәскеу маңында өткен алғашқы жекпе-жекте Хамитов төрешілер шешімімен жеңілді. Кейін ол аппеляция берді. Жекпе-жектен кейін Хамитов жеңілу себебі жарақат болғанын айтты, алайда, қарсыласы бұған күлді. 

Қарымта күзде Әзірбайжанда өтуі мүмкін. 

"Бұл турнирге жаңаша атау ұсынамын - "ҚАНДЫ ҚАРЫМТАЛАР ТҮНІ".
Білем, сен осы бағытта жұмыс істеп жатырсың... Бұл қарсылық күтіп отырғанның барлығынан асып түседі!" - дейді Хамитов Instagram арқылы Гаджиевке.


  0