ММА файтері екі айналған соққымен қарсыласын нокаутқа түсірді

Бұл оның алғашқы жеңісі.

Америкалық ММА файтері Рэймонд Дэниэлс Бирмингемде (Англия) өткен Bellator турнирінде қарсыласы Уилкер Баррушты әдемі тәсілмен нокаутқа түсірді.

Дэниэлс 720 градус - екі айналып, қарсылаының басынан соққы жасады. Барруш мұндай соққыны күтпеді, осылайша, нокаутқа түсті.

Промоушеннің ресми аккаунты мұны жыл нокауты деп атап үлгерді.

Бұл Дэниэлстің ММА-дегі екінші жекпе-жегі және карьерасындағы бірінші жеңісі. Ал Барруш алғаш жұдырықтасып, жеңілді.




  0