Қуат Хамитов Fight Nights Global чемпиондығы үшін жекпе-жек алдында қарсылас көзіне тік қарады

Кездесу бүгін Мәскеу маңында өтеді.

Қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитов (20-5-1) қарсыласы әзірбайжандық Нариман Аббасовпен (23-3) Fight Nights Global чемпиондығы үшін жекпе-жек алдында көздеріне тік қарасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жеңіл салмақтағы (70,3 келіге дейін) жекпе-жек  26 сәуір Мәскеу маңындағы Мытищиде Fight Nights Global 93 турнирінде өтеді.



Айта кетейік, Хамитов соңғы рет 2017 жылы 26 қараша Алматыда өткен Fight Nights 80 турнирінде Питер Куиллимен жұдырықтасқан. Қазақстандық төрешілер шешімімен жеңген, алайда, кейін Ресейдің ММа федерациясы жекпе-жек тең аяқталды деп шешімімн өзгертті. 

Мұның алдындат Fight Nights Global президенті Камил Гаджиев бұл жекпе-жектің немен қызықты болатынын айтқан.

"Қай ел мектебі мықты?". Fight Nights Global президенті Хамитовтың титулды жекпе-жегі жайлы


  0