Нурмагомедов МакГрегорге қарымта шартын айтты

Қазанда ресейлік UFC чемпиондығын қорғап қалған.

Жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов ирландиялық Конор МакГрегордың командасы қарымта туралы келіссөздер бастауына болады деген сыңай танытты. 

Мұның алдында МакГрегор твиттер желісінде жазба қалдырып, Нурмагомедовтың күресу шеберлігіне күмәнданған. "Біз оның күресу шеберлігін асыра бағалаппыз. Қарымта бәрін көрсетеді", - деп жазыпты ирландиялық.

Нурмагомедовтың өзі бұған жауап жазып, МакГрегор 2016 жылдан бері ешкімді жеңбігенін жазды. "алдымен бірнәрсе жеңіп ал, қарымта туралы сосын сөйлесеміз", - деп жауап берді ресейлік.


  0