МакГрегор Нурмагомедовтың әйелін мазақ етіп, қарымтаны меңзеді

Мұның алдында ресейлік МакГрегорды қызғаншақ әйелге теңеген.

Екі салмақта UFC-дің экс-чемпионы Конор МакГрегор бұрынғы қарсыласы ресейлік Хабиб Нурмагомедовке кезекті рет тіл тигізді. 

Мұның алдында Нурмагомедов ирландиялықты кетіп қалып, үнемі қайтып келетін қызғаншақ әйелге теңеген еді. Ресейлік спортшы МакГрегордың карьерасын аяқтауды манипуляция деп біледі. 

"Сенің әйелің - орамал ғой", - деп жазыпты 30 жастағы ирландиялық твиттер желісінде. Жазбаға Нурмагомедовтың беті жабылған әйелінің суретін қоса жариялапты. Кейін МакГрегор бұл псотын өшіріп тастады. 



Сонымен қатар, ирландиялық файтер Нурмагомедовпен қарымта өтетінін меңзеді. "Қарымтадан қорықпа, кішкентай ғана беймаза егеуқұйрық. Сен айтқанды ғана істейсің, бұрыннан солай", - деп жазыпты ол твиттерде. 




26 наурызда Конор МакГрегор карьерасын аяқтағанын мәлімдеген болатын. 

МакГрегор соңғы рет UFC-де ресейлік Хабиб Нурмагомедовтен жеңілген болатын. Жекпе-жектен кейін ресейлік спортшы ирландиялықтың командасымен сөзге келіп, кейін арты төбелеске жалғаcқан еді. Салдарынан екі файтер де спорттан уақытша шеттетілді.


  0