Нурмагомедов МакГрегордың тіл тигізуі жайлы: Ұрып жатқанымда, үндемеген еді

Нурмагомедов пен МакГрегор 2018 жылы жекпе-жек өткізді.

Аралас жекпе-жекте UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов ирландиялық Конор МакГрегордың сөзіне жауап берді. Таяуда МакГрегор Twitter желісіндегі парақшасында Нурмагомедовті "атжалман" деп атаған еді, - деп хабарлайды "Чемпионат".

"Мынаған назар аударыңыздар: адам әр турнирден соң Twitter желісінде бірдеме деп айтып қалуға тырысады, себебі ол үшін газеттің бірінші бетінде болу маңызды. Бұл оны жақсы біледі. Айта берсін, онда жұмысым жоқ. Мен онымен октагонда болдым, ол ештеңе демеген еді. Бетінен шынтақпен, жұдырықпен ұрып, тіземен тептім, сонда да ештеңе демеді. Ал енді арамызды бес алты мың шақырым бөліп тұрған уақытта, ол қайтадан сөйлей бастады. Бұл оның тәрбиесіздігін, сыйға лайықсыз" адам екенін көрсетеді", - деді Нурмагомедов.

Нурмагомедов пен МакГрегор 2018 жылы жекпе-жек өткізді. Онда Нурмагомедов қылғындыру әдісімен жеңіске жетті.


  0