UFC-дің экс-чемпионын сенсациямен жеңген ресейлік файтер бойында қазақтың қаны барын айтты

Ол қарсыласын ауры нокаутқа түсірді.

ONE Championship турнирінің ширек финалында UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Эдди Альваресті жеңген ресейлік файтер Тимофей Настюхин бойында қазақтың қаны барын айтады, - дерп хабарлайды Vesti.kz.



"Әкем орыс, анам қазақ. Қазақстанда туғам, ол кезде әлі Кеңес үкіметі еді. Кейін үкімет ыдырағанда, тұрмыс ауырлап кетті, әкеміз Ресейге көшіп, барлық отбасын Сібірге алып кетті. Бес-алты жасымнан Сібірде тұрамын", - дейді Настюхин журналист Александр Лютиковке. 



Альварес жеңіл салмақтағы әлемнің ең мықты файтерлердің бірі есептеледі. Ол екі негізгі промоушен - Bellator мен UFC чемпионы болған. Настюхин Новокузнецк қаласынан, бұл жекпе-жекте оның жеңетінін ешкім ойламаған да, алайда, ол Альваресті бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді. 


  0