"Бұл жеңісті Қазақстанға арнаймын, енді UFC-ге дайынмын". M-1 Challenge чемпионы алдағы жоспары жайлы

Алматыда өткен турнирде ол ресейлікті жеңді.

Қазақстандық ММА файтері Шавкат Рахмонов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында алдағы жоспарлары туралы айтып берді. 

30 наурыз Алматыда өткен M-1 Challenge 101 турнирінде қазақстандық чемпиондық белбеу үшін жартылай орта салмақтағы жекпе-жекте ресейлік Данила Приказаны жеңген. Осылайша, Рахмонов 11 кездесуінің барлығын жеңіспен аяқтады. 

"Мен үшін үлкен жеңіс. Бар дайындығыммен шықтым. Осы белбеу үшін UFC-ден бас тарттым. Басқа амалым болған жоқ. Данила мықты жігіт, бірақ, менен күшті емес.

Барлық жанкүйеріме алғыс білдіремін. Бұл жеңісті Қазақстанға арнаймын. Залдан қолдау сезіп отырдым және отанымды мақтан тұтам. 

Әзірге ешқандай жоспар жоқ. Өзімді жақсы сезінемін, алайда, аздап демалам. Ары қарай көреміз. Жаңа қарсыластар пайда болар. Қазір M-1 промоушеніндемін, алайда, UFC-ге дайынмын. Чемпиондығымды қорғаймын да, UFC-ге баратын шығармын. Алдын ала болжамай-ақ қояйын, бара көреміз", - дейді Рахмонов. 

Еске салайық, Рахмоновқа UFC-ден ұсыныс түскен, дегенмен, файтер одан бас тартып, бар назарын M-1 чемпиондағын салған. 


  0