Қазақстандық файтер сынған қолымен жеңіске жеткен жекпе-жектің видеосы жарияланды

Ахметов жарақатына қарамастан жеңіске жетті.

YouTube желісіндегі MMA and BOXING Hot news каналында қазақстандық файтер Қайрат Ахметов пен аустралиялық Рис Макларен арасында Токиода ONE Championship турнирі аясында өткен жекпе-жектің толық видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек әлемдік ONE Championship Гран-при аясында өтті, онда спортшылар жеңіл салмақта ширек финалда айқасты. Үш раундтың соңында Ахметов төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, 31 жастағы Ахметов спорттық мансабындағы 22-ші жеңісіне қол жеткізді. Сондай-ақ, ол бұрындары екі рет жеңіліс тапқан. 27 жастағы астралиялық болса 12 кездесудің алтауында жеңілген. 

Қайрат Ахметовтың менеджері Саят Әбдірахмановтың айтуынша, қазақстандық файтер ONE Championship турнирінде ауыр жарақатпен өнер көрсеткен. 

Әбдірахмановтың айтуынша, жекпе-жекке дейін же кездесу кезінде де біршама қиындықтарды бастан кешірген. "Алаңдаған барлық жанкүйерлерді құттықтаймын, жеңіс құтты болсын! Қайраттың қандай қиындықтарды бастан өткергенін аздаған адамдар біледі. Жекпе-жек кезінде де бұл қиындыққтар тоқтамады. Бірінші раундта Қайрат қолын сындырып алды, алайда қиындықтарға қарамастан ол гран-при жартылай финалына шықты! Бауырым сені мақтан тұтам", - деп жазлы Әбдірахманов  Instagram желісіндегі парақшасында. 

Финалға шығу үшін қазақстандық файтер жапониялық Сензо Икедо және филиппиндік Дэнни Кингэд жұбы жеңімпазымен жұдырықтасатын болады. 

Айта кетейік, аралас жекпе-жекте 2010 жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан Ахметов 2017 жылы ONE Championship чемпионы атанған еді, алайда сол жылы бразилиялықпен реванш өткізіп, титулынан айырылды. ONE Championship - сингапурлық промоушен. 2011 жылдан бері Азия аумағында өткізіліп келеді.

Қазақстандық файтер Токиода қолының сынғанына қарамастан жеңіске жетті



  0