UFC президенті МакГрегордың карьерасын аяқтауына қатысты пікір білдірді

Ирландиялық екі салмақта чемпион болған.

UFC президенті Дана Уайт ұйымның екі салмақтағы бұрынғы чемпионы ирландиялық Конор МакГрегордың ММА-дегі карьерасын аяқтау туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Оның сөзін ESPN журналисті Бретт Окамото Twitter желісінде келтіріп отыр. 

"Онда ақша жетеді, ал виски бұл шешімді тіпті жеңілдетіп тұр. Бұл өте дұрыс. Мен де солай істер едім. Ол карьерасын аяқтағанымен, жұмысын тоқтатқан жоқ. Ол басқа іс табарына сенімдімін", - дейді Уайт. 

Карьерасын аяқтағаны жайлы МакГрегор бүгін, 26 наурызда мәлімдеді. Алайда мұндай шешімнің себебі айтылмады.

"Оның жекпе-жектерін тамашалау керемет еді. Бұл спортта ол биіктерге жетті. Ол үшін қуаныштымын және октагон сыртында да сондай жетістікке жетерін тағатсыздана күтемін", - деп атап өтті UFC басшысы. 


  0