Конор МакГрегор карьерасын аяқтағанын мәлімдеді

Соңғы рет ол Нурмагомедовтен жеңілген.

Ирландиялық файтер, UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор ММА-ден кеткенін мәлімдеді.

"Ей, жігіттер, жылдам хабарландыру, бүгінде аралас жекпе-жек деп аталатын спорт түрінен кетуді ұйғардым", - деп жазды спортшы Twitter желісінде.




МакГрегор соңғы рет UFC-де ресейлік Хабиб Нурмагомедовтен жеңілген болатын. Жекпе-жектен кейін ресейлік спортшы ирландиялықтың командасымен сөзге келіп, кейін арты төбелеске жалғаcқан еді. Салдарынан екі файтер де спорттан уақытша шеттетілді.


  0