Алматыдағы M-1 Challenge 101 халықаралық турнирінде екі титулды жекпе-жек өтеді

Басты кездесуде жеңілмеген қазақстандық жұдырықтасады.

Алматыда аралас жекпе-жектен M-1 Challenge 101 #Другойты халықаралық турнирі өтеді. 

30 наурыз "Халық Аренада" өткізілетін жарыс ұйымдастырушылары М-1 Global және Қазақстанның ММА бойынша біріккен федерациялары. Турнир аясында екі чемпиондық жекпе-жек өтеді - жартылай орта және жартылай ауыр салмақта. 

Кештің басты жекпе-жегінде 77,1 келіге дейінгі чемпиондық жекпе-жекте жеңіліп көрмеген қазақстандық Шавкат Рахмонов (10-0) ресейлік Fightspirit Team командасындағы Данила Приказбен (11-2) жұдырықтасады.

Екінші титулды жекпе-жек жартылай ауыр салмақта қазіргі чемпионы ресейлік Хадис Ибрагимов (7-0) пен польшалық Рафал Киянчук (7-0) арасында болмақ.

Әр кардта қазақстандық файтерлер жұдырықтасады: Азамат Бақытов (4-0, Қазақстан) пен Борис Медведев (4-0, Сечь PRO). Мейнкардета Арман Әшімов (11-3-1, Қазақстан) пен Кайк Аленкар (9-0, Бразилия). Алдын ала жекпе-жектер аясында Қадыржан Абылайхан (4-0, Қазақстан) пен Бено Адамия (5-3-1, Грузия) және Ассу Алмабаев (9-2, Қазақстан) пен Пьер Люде (5-0,Франция) жұдырықтасады.

Турнир бағдарламасында жалпы 12 жекпежек белгіленген.



  0