Сталлоне МакГрегор мен Нурмагомедовтың қарсылығына қатысты ойын айтты

Актер спортшылардың қармтасын көргісі келеді.

Америкалық белгілі актер Сильвестр Сталлоне ирландиялық Конор МакГрегор мен ресейлік Хабиб Нурмагомедовтың қарсылығына қатысты өз ойын айтты, - деп хабарлайды "Чемпионат.com".

"Қазір Конордың өмірінде маңызды сәт туды. Егер қорқынышын тыйып, Нурмагомедовты жеңе алмаса, бұл өмір соңына дейін маза бермейтін болады. Жеңілмейтіндей көрінетін қарсыласынан үстем болу қажет. Конор бірінші жекпе-жекте өркөкіректік пен тәкәпарлық кесірінен жеңілді. Қарымта? Тамашалағым келеді. Өзін жеңіске толық арнай алатын жігітті көргім келеді", - деп келтіреді Сталлоне сөзін TMZ.

Өткен аптада екі салмақта UFC ұйымының чемпионы болған файтер Конор МакГрегор Майами қаласы Майами-Бич ауданындағы Fountainebleu қонақүйі маңында жанкүйердің смартфонын сындырғаннан кейін тұтқындалған болатын. Ирландиялыққа бұзақылық және ұрлық бабы бойынша айып тағылды. Осыдан кейін ол 12 500 доллар көлеміндегі кепілақыға босатылды. Іс бойынша тыңдау 10 сәуірде. 


  0