МакГрегорды тұтқынға алуға себеп болған жағдайдың видеосы жарияланды

Полициця оны үйінен алып кеткен.

TMZ телеарнасы UFC жұлдызы Конор МакГрегор мен жанкүйер Ахмед Абдирзак арасында болған оқиғаның видеосын жариялады, - деп хабарлайды "Чемпионат.com".

Екі салмақта UFC ұйымының чемпионы болған файтер Конор МакГрегор Майами қаласы Майами-Бич ауданындағы Fountainebleu қонақүйі маңында жанкүйердің смартфонын сындырғаннан кейін тұтқындалған болатын. Ирландиялыққа бұзақылық және ұрлық бабы бойынша айып тағылды.

Тұтқынға алу есебі бойынша, МакГрегор 11 наурызда таңғы бесте түнгі клубтан шыққан. Осы кезде жанкүйер онымен бірге суретке түспекші болған. МакГрегор осы сәтте оның смартфонын тартып алып, таптап сындырған. Ал сынықтарын өзімен алып кеткен. 

Бірнеше сағат қамауда болған файтер 12,5 мың доллар кепілмен босатылды.



  0