Ысмағұлов UFC-дегі екінші жеңісінен кейін ауруханадағы суретін жариялады

Ол жекпе-жектен кейін бірден ауруханаға барған.

Ресейлік қазақ Дамир Ысмағұлов Instagram желісінде ауруханадан сурет жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Чехия астанасында өткен UFC Fight Nights 145 турниріндегі үш раундты жекпе-жек қорытындысы бойынша Ысмағұлов төрешілер шешімімен испаниялық Хоэль Альваресті жеңді. 

Жекпе-жектен кейін Ысмағұлов қол жарақатына байланысты бірден ауруханаға барды. Файтердің сөзінше, ол кездесу алдыгдағы дайындық кезінде сүйегін сындырып алған екен, осыдан жарақат жекпе-жектің бірінші раундынан-ақ мазалай бастаған. 

Ысмағұлов суретті жариялап, оған былай деп жазған: "Үйге жетіп, суды ашам да осы күнді шайып жіберем".



Айта кетейік, 28 жастағы Ысмағұлов осымен 18 жекпе-жегінде жеңіске жетіп отыр және файтердің екі жеңілісі бар. Ал 23 жастағы Альврес UFC ұйымында алғаш жұдырықтсты. Испаниялықтың есебінде 17 жеңіс бар, ал осы жеңілісі үшінші болып отыр. 


  0