Нәзік жанды барлаушы ММА жеімпазы атанды

Жарысты ШҚО ММА федерациясы ұйымдастырды.

Семей қаласының "Тарлан" сауықтыру орталығының аумағында өткен Шығыс Қазақстан облысы "Жекпе жек" ММА әйелдер арасындағы ашық турнирінің жеңімпазы болып "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының 44736 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша әскери қызметтегі сержант Жәкенова Әсем танылды.



Ашық турнирді ШҚО ММА федерациясы ұйымдастырды. Жарысқа 5 салмақ дәрежесінде қатысқан 40-тан аса әйел спортшылар қатысты.



Сержант Жәкенова Әсем финалда табандылық танытып, шайқастың аяқталуына дейін қарсыласын жеңіп, 56 килограмм салмақ санатында жеңімпаз атанды.



Айта кетейік, сержант Жакенова қол күресінен спорт шебері, дзюдо және самбодан спорт шеберіне үміткер. Оның есебінде 10 рет парашюпен жасаған секіру бар. Ол таулы және су асты дайындық курстарынан өткен, әскери-қолданбалы спорт түрлерінен бірнеше дүркін Қарулы Күштердің чемпионы.



2016 жылы Отан қорғаушылар күні қарсаңында Жакенова Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталды. Өткен жылы ол "медициналық эстафета" байқауында халықаралық армия ойындарына қатысып, екінші орынды иеленді.



Осы жылы ол "Бейбітшілік жауынгері" конкурсында "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының іріктеу жарыстарының жеңімпазы атанып, қазір АрМИ-2019-ға қатысу үшін республикалық іріктеу турниріне дайындалуда.












  0