Дамир Ысмағұлов Қазақстанға көшуді жоспарлап отыр - Хамитов

Сполртшы UFC-де неге қазақстандықтар жоғын түсіндірді.

Қазақстандық ММА файтері Куат "Найман" Хамитов Sportime TV арнасына берген сұхбатында қазақстандық спортшыларға UFC-де жұдырықтасу неге қиынға соғатынны айтты. 

Сұхбат кезінде спортшыға ресейлік қазақ Дамир Ысмағұлов туралы не ойлатыны туралы сұрақ қойылды. 

- Ол үшін өте қуаныштымын. Екеуміз жақсы доспыз. Тайландта талай спарринг өткізіп, бір-бірімізге көмектесіп жүрдік. Ол қайда болса да, қазақ екенін айтып жүреді. Ол Қазақстанға көшіп келуді жоспарлап жүр ғой деймін. 

Әрине әрбір файтердің арманы UFC. Алайда қазақстандықтарға мәселен, ресейліктерге қарағанда бұл ұйыммен келісімшарт жасасу қиын. UFC ресейлік нарыққа шықты. Олар Ресейде турнир өткізбек. Жергілікті жұлдыздар керек болғандықтан, ресейліктерді тез қабылдайды. Қазақстан бизнес үшін оңтайлы ел емес, осыған байланысты бізге өзімізді көрсету қиын", - дейді файтер. 

Сонымен бірге, Хамитов ең үлкен гонорары қанша болғаны және Головкин туралы не ойлатыны жайында сұрақтарға жауап берді.   



  0