Нурмагомедов, МакГрегор және Фергюсон? UFC-дегі қазақ жігітінің алдағы мүмкіндіктері

Исмағұлов бұл промоушендегі жолын Аустарлиядағы жекпе-жектен бастады.

UFC-дегі алғашқы жеңістен кейін ресейлік қазақ Дамир Исмағұловтың алдынан үлкен мүмкіндіктер ашылды. Бастысы ендігі амалдарға сауаттылықпен көшу. 

Дегенмен UFC басшысы Дана Уайттың басты файтерлері тізіміне кіру өте қиын. Әсіресе Исмағұловтың салмағында. Дамирдің алдынан қандай мүмкіндіктер ашылып тұрғанын Vesti.kz материалынан оқыңыздар.

Жалпы UFC-ге ілігу қиын екендігінен бастайық. Бұл үшін барынша еңбектеніп, екінші деңгейлі промоушендерде үздік атану қажет. Чемпион болып, әлеуетің барын көрсете алу керек. 

Бұл көпшілікке белгілі, ең сенімді жол. Дегенмен мықты файтер болмай-ақ та UFC-ге апаратын  соқпақтар бар. 

"Ресейде туғанымен бөтен емес". Қуат Хамитов UFC-дегі қазақ жігіті жайлы

Бұл промоушен тарихында медиалық тұрғыдан танымал файтерлердің UFC аясында жұдырықтасқанын көрсететін мысалдар жетерлік. Тіті чемпиондық атққа да таласқандар бар. Бұл үшін әрине тартымдылық, мықты трэшток керек, дегенмен, жұдырықтаса алу қабілеті үлкенірек мүмкіндіктерге жол ашады. 

Исмағұлов жұдырықтасып, октогондағы еңбегімен арқылы танылған файтер. Алғашқы жекпе-жектегі жеңіс, ары қарайғы есіктерді ашып тұр. Енді ол тек октогон ішінде ғана емес, оның сыртында да имидж жасағаны жөн. 

Алғашқы жекпе-жегін жеңіл салмқата өткізді. Алайда ол кейін жартылай жеңіл дивизионға өту туралы ойын айтты. Екі дивизионда да мықтылар жетіп артылады. Кімді алсаң да, жыртқыштай атылып тұр. Сондықтан мұнда топ-3 тізіміне жету үшін талай сынаққа шыдап беру қажет. Мәселен Хабиб Нурмагомедов өз сәтін жылдар бойы күтті. 

Ресейлік жеңіл салмақта ұйым чемпионы. Одан кейін Тони Фергюсон (АҚШ), Конор МакГрегор (Ирландия), Дастин Порье (АҚШ), Кевин Ли (АҚШ), Эдсон Барбоза (Бразилия), Нейт Диас (АҚШ), Джастин Гэтжи (АҚШ) және басқалары тұр. Мұндағы аталған үш файтер ТОП-15 P4P рейтингінде - Хабиб, Конор және Тони. 

Жартылай жеңіл дивизионды гавайлық Макс Холлоуэй бастап тұр. Сондай-ақ, Брайан Ортега (АҚШ), Жозе Альдо (Бразилия), Фрэнки Эдгар (САҚШ), Ренато Мойкана (Бразилия), Чад Мендес (АҚШ) те мықтылар санатында. Жалпы екі дивизион да оңай емес.

Әлбетте, бұл файтерлермен жекпе-жек өткізу әлі ерте. Исмағұловқа оларды бірден бере қоймайды, оның үстіне Дамир әлі бейімделеді, оған қарсы лайықты қарсыластар қояды. Исмағұловтың қазіргі келісімшарты үш-төрт жекпе-жекке есептелген. Міне осы уақытта ол өзін танытып, келісімді ұзартуы қажет. 

"Бәрі қазақтардың кім екенін білді". Дамир Исмағұлов UFC-дегі жекпе-жегінен кейін

Еске салайық, Аустарлияның Аделаиде қаласында өткен UFC Fight Night 142 турнирінде Исмағұлов жергілікті файтер Алекса Горджес жеңген болатын


  0