"Ресейде туғанымен бөтен емес". Қуат Хамитов UFC-дегі қазақ жігіті жайлы

Исмағұлов бұл ұйымда жеңіске жеткен алғашқы қазақ.

Қазақстандық ММА файтері Қуат "Найман" Хамитов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ресейлік Дамир Исмағұловтың UFC-дегі жеңісіне қатысты ойын айтты. 

Аустралияда өткен UFC Fight Night 142 турнирінде Исмағұлов үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен жергілікті Алекс Горджестен басым түсті. 

Дамирдің жекпе-жегін көрдім. Жанкүйер болдық. Ресейде дүниеге келгенімен, қазақ қой. Бізге бөтен емес. Оның үстіне Дамир жақын досым. Тайландта бірнеше рет бірге жаттықтық, спарринг өткізіп, бір-бірімізге көмек болдық. 

Жұдырықтасқаны ұнады. Алғашқы жекпе-жегі болғандықтан, қобалжу да болды. Дамир өте мықты жігіт. Одан нокаут күттім. Ол басым болды. UFC-де жеңіске жете алғанына қуаныштымын. Болашақта бұл ұйымда қазақстандықтар көбірек болып, қыздырады деген үміттемін. Біздің көптеген спортшымыз онда жұдырықтаса алады", - дейді Хамитов. 

"Бәрі қазақтардың кім екенін білді". Дамир Исмағұлов UFC-дегі жекпе-жегінен кейін

Айта кетейік, Исмағұлов октогонға Қазақстан мен Ресей туын ұстап, қазақ әнінің әуеніне көтерілді. Жекпе-жектен кейін Исмағұлов қарсыласына қазақстандық шоколад сыйлады. 

Исмағұлов UFC жеңіске жеткен алғашқы қазақ. Мұның алдында ол жеңіл салмақта M-1 Global чемпионы болған. 


  0