Фируза Шәріпова Қанат Исламға сәттілік тіледі

Боксшы қыз Қанаттың жеңісіне сенімді

Қазақстандық боксшы қыз Фируза Шәріпова Қанат Исламның алдағы Робсон Ассиспен жекпе-жегінде сәттілік тіледі, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бүгін түнде отандасым Қанат Ислам Америкада бразилиялық боксшы Робсон Ассиспен жұдырықтасады. Өзге елде жұдырықтасу әрдайым жақсы тәжірибе береді және толқынысты сәттерге толы болады. Оның үстіне бұл жекпе-жек бокс аңызы Рой Джонстың андеркардында өтеді, сондықтан ол көпшілік назарында болатыны сөзсіз. Қанаттың өзін жинай алып, үлкен жеңіске жететініе сенімдімін. Қазақстандықтар оған сенім артып отыр және трансляцияны өткізіп алмайтын шығар. Қанатқа сәттілік және спорттық қызбалық тілеймін!", - деп келтіреді Шәріпованың сөзін allfight.ru.

Еске салайық, 17 ақпанда Қанат Ислам бразилиялық боксшы Робсон Ассиспен жекпе-жекке шығады. Бұл кездесуде WBO Intercontinental және WBA Federatin атақтары АҚШ-тың Уилмингтон қаласында сарапқа салынады. Жекпе-жек "Қазақстан" және KazSport арналарынан көрестіледі. Жекпе-жек Қазақстан уақыты бойынша 18 ақпан таңғысын болады. Осыған байланысты трансляция 07:55-те басталады.


  0