Пол Малиньяджи Конор МакГрегорды бокс ережесі бойынша жұдырықтасуға шақырды

МакГрегор Малиньяджимен октоганда кездескісі келеді.

Бокстан әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық боксшы Пол Малиньяджи жеңіл салмақта UFC чемпионы Конор МакГрегорға жауап беріп, ирландиялық спортшыны бокс ережесі бойынша жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Еске салайық, өткен аптаның соңында МакГрегор Малиньяджиді мазақ етіп, оған октоганда жекпе-жек өткізуді ұсынды. Бүгін америкалық боксшы Конордың бұл сөздеріне жауап берді. 

"Ер адам сөзінде тұруы керек. Мен оның командасынан кеткен кезде, ол маған рингте кездесуге дайын екенін айтты. Енді сөзінде тұрсын. Мен онымен рингте кездесуге дайынмын. Бірақ, Конор сөзінде тұра алмайды. Мұны қазір оның жанкүйерлері ұғына бастағандай. Ол көп сөйлейді. Алайда сол іс жүзінде сол сөздеріне жауап бере алмайды. Мен онымен кез-келген уақытта рингте кездесуге дайынмын", - дейді Малиньяджи Boxingscene басылымына берген сұқбатында. 

Айта кетейік, екі салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Пол Малиньяджи 2017 жылдың наурыз айында Сэм Эггингтоннан (21-3, 13 КО) жеңілгеннен кейін бокспен біржолата қоштасып кетті. 

Ал кіші Флойд Мейвезермен (50-0, 27 КО) өтетін кездесудің алдында Конор МакГрегор Малиньяджиге спарринг қарсыласы болуды ұсынды. МакГрегормен бірнеше уақыт спарринг қарсыласы болып келген Малиньяджи ирландиялық спортшының командасынан жанжалмен кеткен болатын. 


  0