Арман Оспановтың неліктен жеңілгені белгілі болды

"Алаш Прайд" клубының президенті Данияр Қасқарауов Vesti.kz тілшісіне аралас жекпе-жекте Арман Оспановтың неліктен жеңілгенін жариялады.

"Алаш Прайд" клубының президенті Данияр Қасқарауов Vesti.kz тілшісіне аралас жекпе-жекте Арман Оспановтың Алматыда ресейлік Absolute Championsip Berkut 69 промоушен турнирінде бразилиялық Тьяго Луис Бонифасио Силвадан жеңіліп қалуының себебін атады. 

"Арман жаттығу лагерінде жақсы дайындықтан өтті, жекпе-жекке дайын болатын. Ол дайындықты АҚШ-та бастап, содан кейін Дағыстанға барды. Алматыға ол қыркүектің басында келуі керек еді. Өкіншіке орай, Дағыстанда жүргенде ол стафилококк (іріңдеуді туғызатын бактериялардың бір түрі) инфекциясын жұқтырып алды. Сол себепті ол Алматыға 10 күн бұрын ерте келді. Бұл жерде оның қолына ота жасалды. Арман екі апта ауруханада жатты. Жекпе-жекке бес күн қалғанда ол әлсіздікті сезінді, алайда жанкүйерлері үшін Силвамен өтетін жекпе-жектен бас тартпады. Біз Арманның тәжірибесінің сендік. Өкіншке орай ол іске аспады. Біз ақталмаймыз - жеңілістің аты жеңіліс, біздің команда ары қарай жұмыс істейтін болады", - деді Қасқарауов. 






  0